Ер бірлігі арта берсін

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі биыл да өкінішке орай пандемия жағдайында өткелі отыр. Дегенмен, бұл жағдай осындай кезде бірлігімізді нығайта түсіп, «бірлік түбі – береке» деген қағиданы ұстануға кедергі болмауы тиіс.

Өйткені, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде нәтижелі істер болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел атандық», - дегені рас сөз. Бұл – Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының жемісі.

Біздің ауданда қазір басқа ұлттардың 1000- нан аса өкілдері тұрады. Тату- тәтті тіршілігін жасауда. Өз кезегінде аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері халық арасында көптеген шараларға қатысып, татулықты нығайтуға үлестерін қосып келеді.

«Жүзі басқа болса да жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір» демекші, ортақ іске жұмылған олардың ел дамуына қосқан, қосатын үлестері көп деп білемін. Мереке берекелі болсын!

С.ЖҰҚИЕВ

Индер аудандық «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521