«Ел үшін егілемін» азаматтық штабы атыраулық кәсіпорындардың басшыларымен кездесті

Атырау облыстық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер палатасында «Ел үшін егілемін» азаматтық штабы өкілдері жергілікті кәсіпорын басшыларымен кездесті" деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуде ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцина алудың маңызды екендігі аталып өтті. «Ол үшін әр кәсіпорын, ұжым коронавирусқа қарсы вакцина алуы қажет» деген қоғамдық белсенді Рахым Ошақбаев вакцинациялауға байланысты бірқатар шет мемлекеттердің тәжірибесімен бөлісті.

«Қазақстанда вакцина алуға қарсы көрсетілімі жоқ 10 миллион адам бар. Бүгінде 6 миллион адам ғана коронавирусқа қарсы вакцина алған. Қалыпты өмірге оралуымыз үшін екпе алу көрсеткішін жоғарылатуымыз қажет» деді спикер Рахым Ошақбаев. Кездесу барысында спикерлер вакцина алудың өмірлік маңызы жөнінде ақпараттық жұмысты күшейтуді ұсынды.

Еске сала кетелік, бүгін Атырауға «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз