Егемен елдің ең ұлық мерекесі

«Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!» деп тура ғасыр бұрын уайым жеген екен Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан. Одан соң және ызаланып: «Алыспаған, жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды, ер құлдықтан, әйел күңдіктен шықпайды, малына да, басына да ие бола алмайды», – деп намысты жаниды. Сол ата-бабамыз аңсап, қасық қаны қалғанша күресіп, тәуелсіздік үшін құрбан болғандардың рухы демеп, ақыры бұғауды бұзып-жарып егемен ел болғанымызға отыз жылдан асып барады.

Ақ түйенің қарыны жарылған – 25 қазан – Республика күні болып белгіленді. Ұлттық мереке.

Осы Республика күнінің тарихы сонау тоқсаныншы жылдардан басталып, 1990 жылы 25 қазанда "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын. Лезде еліміздің түкпір-түкпіріне сүйінші хабар тарап, аспанда ақ көгершін қалықтап, далада гүлдер бүр жарса, жазықта өскен ақселеу желмен қозғала шаттық күйін себелеп, ана байғұс алғаш рет сәбиін тәуелсіздік бесігінде тербетті. Аңсау емей, арман емей, мұрат емей, шалқыма емей, немене?!

 

Жанай Амантурлин, Атырау облыстық бас редакторлар клубының төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521