ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ЖАРАП ТҰР

  •             Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары»-деп дана халқымыз бекер айтпаса керек-ті. Туған өлкеміздің жасыл мекенге айналуы үшін барлығымыздың да үлес қосқанымыз перзенттік парыз емес пе?! «Жасыл ел» бағдарламасы осындай мақсатта құрылған еді.   Республикада 2005 жылы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты дәстүрлі Жолдауы негізінде құрылған көшбасшы жастардың ұйымы, ауданда жыл сайын жастарды маусымдық жұмыспен қамтып, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттап келеді.       «Жасыл ел » бағдарламасы – жаз уақытында жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, қоғамның жасыл желекке айналуына өз үлестерін қосып, мерзімдік жұмысқа орналасуына таптырмас мүмкіндік. Бағдарлама биыл 17-ші жыл жұмыс жасауда.
  •             Осыған орай ауданымыздағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жұмыс орнына барып, жақынырақ танысып қайттық.     
                Аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарынан білгеніміздей, биыл маусым тамыз айында 175 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Өткен маусым айында - 64 жас, шілде айында – 55 жас жұмысқа алыныпты. Жастар тек кентте ғана емес, Бөдене, Жарсуат, Елтай, Есбол, Көктоғай ауылдарында да жұмыспен қамтылса, тамыз айында Өрлік ауылын қамту жоспарда бар екен. Олардың жұмысын бақылау және ұйымдастыру үшін арнайы бір маман облыстық «Жасыл ел» штабының жолдамасымен координатор ретінде 4 ай мерзімде жұмысқа орналасқан. Олардың барлығы бірдей «Жасыл ел» имиджіндегі киімдермен қамтамасыз етілген.
  •             Биылғы еңбек маусымында көбінесе 16 жасқа толған оқушылар мен студенттер басым. Олар кенттегі «Жеңіс», орталық, өнер мектебі жанындағы саябақтарда «көгалдандыру» бағыты бойынша арам шөптен тазарту жұмыстарын жасап жүр. Барлығы да тек еңбек етіп қана қоймай, мәдени-көпшілік шараларға, спорттық жарыстарға қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсетуде. Жасыл ел сарбаздары арасында баскетбол, волейбол, теннистен жарыстар, «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өткізілген.
  •             1 ай көлемінде еңбек еткен олардың табысы 65 000 теңгені (қолға алатыны 51480) құрап отыр. 
                Ең бастысы мұнда еңбек еткен жастар әсем ауданымыздың тазалығы қандай
    еңбекпен келетінін түсінеді. Кенттегі «Жасыл аймақ» қызметкерлерінің еңбегін бағалауды үйренеді.
  • whatsapp-image-2022-07-29-at-10_16_44
  •             «Жас келсе, іске» демекші, еңбек етіп, ата-анасына қолғабыс болып, қаражат табуды үйреніп жүрген жастарға сәттілік тілейміз. 
                Өткен жылы ауданымызда 156 жас көгалдандыру бағыты бойынша және бұған қосымша қыркүйек айында ауылдық округтерде барлығы 55 жас жұмыспен
    қамтылған болатын. Бұдан өзге Есбол ауылдық округінде орналасқан Индер аудандық орман шаруашылығы, жан-жануарлар дүниесін қорғау мекемесі де жыл сайын 50 жасты жаз айларында маусымдық жұмыспен қамтуда.   

 

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521