banner_damu

Дағдыны дамыту керек

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мұғалім нені білуге тиіс деген сауалға тұжырым жасап, оны санамалап көргенде, келесі бес құрал алға шығады.

Олар-менеджмент ғылымы, психология, экономика, информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта кеңінен қолдануды ізденімпаз ұстаздың бесқаруы деуге болады.

Сонымен қатар, рефлекция-педагогтің өзін-өзі тануының өлшемі десек, қабілеттілік дағдысын дамыту-ұстаздар үшін басты қажеттілік болып шығады. Негізі рефлекция деген сөз-өткенге қайта оралу дегенді ұқтырады. Яғни, рефлекция арқылы әр жұмыс күнінің аяғында талдау жасап, өткен жұмыс күнінің барысын салмақтап, сырттай бақылаушы ретінде оған баға беру болып шығады.

Біз алғаш рефлекция ұғымымен деңгейлік курстарда танысып, әрбір жұмыс соңында оны пайдалана бастадық. Шығармашылық ойлау ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оның мазмұнын өз тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік беретін рефлекциямен байланыстырып, ой-тұжырым жасау, қорыту, салыстыру, ұқсастыру, бағалау, толғану, есіне алу және мәселелерді шешу міндеттерінен тұратын рефлекция дағдысын тәжірибеге енгізу оңай шаруа болған жоқ. Әрбір коучинг, сабақтарда мұғалімдер рефлекция кезінде «маған ұнады», «бүгінгі коучингтен көп нәрсе үйрендім», «сізге рахмет», тағы да басқа қысқаша репликалармен немесе смайликтермен ғана іс-шараны бағалады.

Мұндай олқылықтар «Зияткерлер» қоғамдастығының отырысында қаралып, көшбасшының ұсынысымен «Индер-Магистр» желілік порталы құрылып, осында  ашық талқылау үшін арнайы тіркеуге тұрып, өзара тәжірибе алмасуға негіз қаланды.

Осы жұмыстардың бір нәтижесіндей «Желідегі байланыстың көшбасшы іскерлігін қалыптастырудағы маңызы» тақырыбында аудандық форум ұйымдастырылып, ол тиімділігін дәлелдеп, жыл сайынғы шараға айналды.

Қысқасы, ізденімпаз мұғалімді тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалауға белсене қатысып келе жатқан тұлға, білікті маман ретінде танып, бағалап, оны ұдайы шығармашылық табыстарға жетелеп, ынталандырып отыру маңызды болмақ.

Гүлайым ӘЖІБАЕВА,

 

Гребенщик орта мектебінің мұғалімі.

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика