Көгерген нан көгермеген болып шықты

Осыдан он ай бұрын орын алған көгерген нанға қатысты іске нүкте қойылғандай.

Смартфон-телефонға арналған «Telegram» әлеуметтік желі бойынша былтырғы жылдың тамызында «Айзат» дүкеніне қатысты таратқан мәліметтер шындыққа сай келмейді деп тану туралы, ар-намысқа және іскерлік беделге кір келтіретін мәліметтері үшін жергілікті аудандық қоғамдық-саяси газет және «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы кешірім сұрауды міндеттеп, моральдық зиян өтемі ретінде 200 000 теңге өндіру дүкен иесінің талабы ішінара қанағаттандырылды.

Себебі «Көгерген нанның суретін салып, оның «Айзат» дүкенінен сатып алынғанын айтып, «сақ болыңыздар, бір ай тұрып қалған нан сияқты» деген мәтін жазған айыпталушы Н.Н.есімді азамат аталған нанның сол дүкеннен сатып алынғандығын растайтын дәлелдемелерді сотқа ұсына алмаған.

Белгілі болғанындай екі тарап та сотқа қатыспаған. Өйткені айыпталушы азамат ауысымдық жұмыста болатынын алға тартса, талап қоюшы тарап сотқа қатыспау туралы өтініш жазған болып шықты.

Сөйтіп, сот Қазақстан Республикасының Азаматтық процестің кодексінің 196-бабының 6-бөлігіне сәйкес істі тараптардың қатысуынсыз қарады. Дегенмен айыпталушы соттың талап қоюшыға арнамысы және іскерлік беделге кір келтіретін мәліметтер үшін «Dender» Индер аудандық қоғамдық-саяси газеті арқылы кешірім сұрауды міндеттеу туралы шешімін қолдап, ол газетте жарық көрді.

Ал, талап қоюшының мүддесі үшін моральдық зиян өтемін сот 50 000 теңге мөлшерінде белгілеуді қажет деп тапты.

Иә, жалған мәлімет жарға жығады, арға нұқсан келтіреді. Сондықтан сақ болғанымыз жөн-ау...

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521