Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланды

Өңірде өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін толық орындамайтын мекемелер де бар болып шықты. Жақында Атырау облысы бойынша Ішкі аудит департаменті тексеріс барысында Индер аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінен осындай заң бұзушылықты анықтады.

Онда есепті кезеңде есепте тұрған активтерді, міндеттемелерді және таза капиталды толық көрсету, ақша қаражатының қозғалысын есепке алу, дебиторлық және кредиторлық берешекті есептеу, кірістер мен шығыстар шоттарын жабу және есепті кезеңде жасалған басқа да қаржы-шаруашылық операциялардың дұрыстығы мәселелері назарға алынды. Жалпы сомасы – 90 053,5 мың теңге бақылауға алынды. Тексеріс кезінде бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібі бойынша барлығы 15 454,5 мың теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары белгілі болды.

Нақтырақ айтсақ, мемлекет активтерінің дұрыс есебін қамтамасыз етпеу, дебиторлық және кредиторлық берешектерді жасыру, бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану, бухгалтерлік тәртіпті бұзу, пайдаланылмаған демалыс бойынша қызметкерлерге резерв сомасын есептемеу секілді кемшіліктер анықталды. Сондай-ақ, жүктелген функционалдық міндеттерді толық орындамау жағдайларының орын алғаны да анықталып отыр. Бұл қаржылық есептіліктің теріс деректерін ұсынуға себеп болуы мүмкін.

Аудиторлық іс-шара биылғы қаңтар айынан бастап сәуір айына дейінгі кезеңде жүргізілгенін атап өту қажет, бұл бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды сүйемелдеумен байланысты, осылайша аудиторлар бұзушылықтар мен қателіктерді анықтауды ғана емес, оларды уақтылы жоюды да қамтамасыз етті. Аудит барысында жалпы сомасы 15 454,5 мың теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары бойынша бухгалтерлік жазбалар беріліп, қалпына келтірілді.

Рүстем ТҮСІПБЕРГЕН,

Атырау облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521