"Ботақан" балабақшасы ашылды

Индер ауданының Барлаушы мөлтек ауданындағы жаңа «Ботақан» балабақшасы салтанатты түрде ашылды. ⠀

Бұрын жариялағандай, ескі С.Сейфуллин атындағы орта мектеп базасы жаңаша дизайнмен қайта жасақталып, «Ботақан» балабақшасына айналды.

Салтанатты шарада сөз алған аудандық білім беру кәсіптік одағының төрағасы Қалжан Ахметова:

- Ауданымызда балабақшалардың саны көбейіп келе жатыр. Бұл - төртіншісі, алда бұрынғыдай 16 балабақшаға толығады деп ойлаймын. Барша халықты осы салтанатпен құттықтаймын - деді. ⠀

Сондай-ақ, білім беру ісінің ардагерлері Қымбат Кәрім мен Қанымжан Мұқанбетжанқызы мен аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Шолпан Абайқызы және осы мөлтек аудан тұрғындары атынан сөз алған Бәтима Дүйсенбиева мен Асия Ақмурзина да қуаныштарын әдемі сөздерімен өрнектеп, жылы лебіздерін білдірді. ⠀

b

Кейін «Гамма-С» ЖШС-ның аудандағы құрылыс жүргізушісі Сәбит Нәбиев: - Екі жылдан бері осы жерде қызмет атқарып жатырмыз, жасалған істер көпшіліктің көңілінен шығып, балаларға қуаныш сыйлай алса, ол - біздің еңбегіміздің еленгені, - дей келе, балабақша басшысы боп тағайындалған Сара Сахиқызына балабақша кілтін табыс етті.

balab2

Әрі қарай шара ән-күйге ұласып, «Балдәурен» балабақшасы тәрбиеленушілері әсем әндерін тарту етіп, балдай тәтті қылықтарымен салтанатты шараны қорытындылады.

Қуаныштарында шек болмаған ата-аналар мен мөлтек аудан тұрғындары тәттілерден шашу шашып, жаңа нысанның ішкі бөлмелерін аралап, танысты. ⠀

b

Айта кетейік, Сара Сахиқызының айтуынша, жаңа үлгіде жасақталған 80 орындық балабақшаға 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар қамтылмақ. Қазіргі таңда 4 топ ашылып, тізім бойынша сол маңайда тұратын 41 бала қабылданып отыр. Жалпы 30 адам жұмысқа алынған, оның 9-ы тәрбиеші. ⠀

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз