Болашағымыз үшін дауыс бердім

Бөдене ауылындағы №115 сайлау учаскесіндегі Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы сағат 7:00-де Қазақстан Республикасының Гимнімен ашылды.

Өзіміз куә болғандай, осыған дейін ауылдағы Бөдене орта мектебінде өтіп келген сайлау биыл алғаш рет жаңа мәдениет үйінде өтіп жатыр. Айталық, сайлау учаскесі тап-таза, талапқай сай безендіріліп, өз сайлаушыларын лайықты қарсы алуда. Мен де осы өзімнің сайлау учаскеме келіп, алғашқылардың бірі болып Тәуелсіздігіміздің баянды болуы мен елдің тынышытығы мен тұрақтылығы үшін дауыс бердім.

2021111

Ал ауыл тұрғыны, зейнеткер Серікқали Смағұловта өзінің азаматтық құқығын білдіру үшін ертеле келіп, өз таңдауын жасады.

-Елдің тыныштығы, берекесі, ынтымағы жарасымды болу үшін өзімнің таңдаған партияма дауыс бердім. Халықтың болашағы жарқын, еліміз аман, бұқара халқымыз тыныш болсын. Келесі сайлауға дейін аман есен жете берейік,-дейді ақсақал.

Ауыл тұрғыны Маржан Сейсенбаева да өзінің көршілерімен бірге келіп, өздерінің таңдауларын білдірді.

-Тыныштық бәрінен артық. Мен сол тұрақтылық, бейбіт өмір үшін дауыс бердім. Қалғаны жоспар ретімен орындалады деп ойлаймын. Тек сайланатын партия елге адал, әділ болып, қызмет етсе деймін,-деді ол.

Аталған учаскенің төрағасы Тамара Жылқышиеваның айтуынша, №115 сайлау учаскесінде барлығы 943 сайлаушы болса, оның денсаулығы мен қарттығына байланысты баспанасынан шыға алмайтын 49-ы өз таңдауларын үйлерінде отырып жасай алады екен.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521