Біздің елдің балалары бақытты

Нұр жүздерімен әр шаңырақты бақытқа бөлеп, бал тілімен баурайтын балғын балапандардың төл мерекесіне арналған шеру аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен орталық алаңда, мәдениет үйінің алдында өтті.

Алғаш боп кент әкімі Асхат Аймұратов бүлдіршіндерді мерейлі мерекесімен құттықтап, ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп, әр сәт шаттыққа бөлене беруіне тілектестігін білдірді. Шеруді аудандық балалар өнер мектебі бастап, балалар мен жасөспірімдер спорт бөлімі, М.Әуезов, Қ.Абақанұлы, Ш.Уәлиханов, М.Сиранов атындағы орта мектептері жалғастырып, оқушылар шығармашылық орталығы аяқтады. Олар ән, би, хор секілді өнерлерімен қоса спорттың бес түрінен көрсетілім әзірлесе, роботехника саласын меңгеріп, бүгінде республика көлемінде танылып жүрген орталық роботтар шеруін назарға ұсынды.

b

Сондай-ақ, әр мектеп көрме ұйымдастырып, «Бақытты балалар мекені» тақырыбы аясында шар ұшыру рәсімін көрсетті. Аспанда қалықтаған ақ көгершіндер де шара көрігін аша түсті. Алаңда мейірімді жандар аю тағы басқа кейіпке еніп, балаларға балмұздақ, тәтті сусындар үйлестіріп, олардың көңілін көтеруге атсалысты. Сонымен қатар «Мағрипа – 2», «Жансая», т.б. дүкен иелері де балаларды тәттілермен қарқ қылып, ризашылыққа бөледі.

bub1

Міне, бұл күні барлығы балалар үшін құрмет көрсетіп, оларға ерекше есте қалатын күн сыйлады.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521