Бір топ адам тойдағы астан уланған

Индер ауданына қарасты Есбол ауылында 21 қыркүйекте тойға барған бірнеше тұрғын астан ұшынғаны туралы ақпарат тарауда.

Яғни ауыл тұрғынының «Елдос» мейрамханасында жасаған тойына келген қонақтардың көбі келесі күні ауырып, ауруханаға түскен. Оны округ әкімі Ерболат Сабиров та растап отыр. Оның айтуынша, сол жерде түс мезгілінде садақа берілген, онда ешкім зардап шекпеген. Кешкісін тойға қаладан ас мәзірін дайындау үшін арнайы аспазшылар шақыртылыпты. Дегенмен, әзірге кінәрат неден екені белгісіз. Бұл жайтқа қатысты ауданнан тиісті мамандар шақыртылып, зерттеліп жатқан көрінеді.

Ал Есбол дәрігерлік емханасының аға дәрігері Шәмшия Сатқалиеваның мәліметіне сүйенсек 2-3 науқас ішек қызметтерінің бұзылуы диагнозы бойынша аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілсе, 20-шақты ауыл тұрғыны күндізгі бөлімшеден ем қабылдауда екен.

Айта кетейік, ауылдың әлеуметтік желісінде тұрғындар аталған мейрамханада ешқандай тазалықтың жоқтығын, даяшылардың өзі мектеп жасындағы жасөспірімдер екенін, жеке кәсіпкердің ісіне округ әкімшілігі шарасын алу керектігін айтуда.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз