Біліктілікті арттыру кеңейтіледі

Еліміздің гендерлік саясатына сай халыққа гендерлік білім берудің және сауаттандырудың дамыған жүйесі жұмыс істейді.

Гендерлік стереотиптерді жоюға ықпал ететін жүйе отбасы және гендерлік саясат бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын шығару мәселесін де қарастырып отыр.

Сонымен қатар, болашақта білім берудегі заманауи тәсілдерді талқылау бойынша ғылыми, кәсіби және қоғамдық қоғамдастықтардың барлық дискурстарына гендерлік мазмұн енгізілетін болады.

Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне гендерлік теңдік бойынша дәрістер енгізу де қарастырылғанын айта кетейік. Бұл ретте мектептердегі әдіскерлік бірлестіктермен және біліктілікті арттыру құрылымдарының аумақтық филиалдарымен бірлесіп жұмыс істейтін жаттықтырушылар топтарын каскадты оқыту қамтамасыз етілмек.

Гендерлік теңдікке, деректерді жинау мен талдауды қоса алғанда, гендерлік аспектілерді жан-жақты есепке алуға, оның ішінде мемлекеттік шешімдерді қабылдар алдында гендерлік әсерді бағалауға бағдарланған оқыту, біліктілікті арттыру бағдарламалары да кеңейтіледі.

Бұған қоса жанжалдар жағдайында және олардан кейінгі жағдайларда елімізде де, шетелде де гендерлік зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында, полицейлер, әскерилер, қызметшілер, оның ішінде бітімгерлер үшін гендерлік оқыту жүргізіледі және мінез-құлық хаттамалары қабылданатын болады.

Гендерлік саясатты насихаттауға бағытталған жұмыстар жүргізуге қатысты аудандық сот бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орната отырып, мақалалар беру, семинарлар және дөңгелек үстелдер өткізуді жалғастыра беретін болады.

П.Иманғалиева.

аудандық соттың бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521