Аудандық мәслихатта - жаңа төраға

Бүгін сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы өткізіліп, онда мәслихат төрағасына ұсынылған кандидаттарды сайлау ашық дауыс беру арқылы жүргізілді.

Аудандық мәслихат депутаттарының ашық дауыс беру нәтижесімен Абзал Меңдіқұлұлы аудандық мәслихат төрағасы болып сайланды.

Сессияға қатысқан аудан әкімі Дарын Шамұратов жаңадан сайланған мәслихат төрағасына депутаттық корпус пен атқарушы органдар арасындағы жұмысты одан әрі жандандыруына сәттілік және алдағы қызметіне табыс тіледі.

Рамазанов Абзал Меңдіқұлұлы 1978 жылы 20 қарашада Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі-жоғары, 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы «АтырауСушар» су шаруашылығы мекемесінде жөндеуші қызметінен бастаған. 2003-2004 жылдары Индербор кенті әкімі аппаратының бас есепшісі, Индер аудандық күрделі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас есепшісі; 2005-2019 жылдары аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің инспекторы, бас маманы, бөлім басшысы; 2019 жылдан күні бүгінге дейін Есбол ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келді. 2023 жылдың 30 наурызынан бастап Индер аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды. Отбасылы. «Amanat» партиясының мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521