Ауданда «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Ағымдағы жылдың 15-18 наурыз аралығында Идер аудан көлемінде «Жанұя және бала» жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

Шара кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және балаларға қатыгездікпен қараудың алдын-алу мақсатында Атырау облысы ПД-нің Атырау облысы бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығының 11 тармағына сай өтуде.

Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор – жанұя. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда, мәнсіздеу дүние көрінгенімен, оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең.

«Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу.

Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, бұл ата-ананың басты міндеті.

Сол себепті ата-аналар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, олардың күнделік немен шұғылданып жүргендерін, бос уақытта немен айналысатынын қадағалап, олармен жақсы қарым-қатнаста болыңыздар.

Индер ауданы Полиция бөлімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521