Ауданда «FAMILY FEST» фестивалі өтті

Жас отбасылар сынға түскен сайыс Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде өтті.

Аудандық жастар ресурстық орталығының әлеуметтік тапсырысы шеңберінде ұйымдастырылған шараға Индербор кенті, Жарсуат, Елтай және Аққала ауылдарынан барығы 6 отбасы қатысты.

Фестивальдың ашылуында орталық директоры Сұңқар Көшеков сөз алып, шара мақсатын түсіндіре келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.

bas-zhulde

trio

Байқауда отағалары бірі ұлымен, бірі қызымен, бірі жан жарымен дуэт, трио құрып ән салып, би билеп, бар өнерлерін ортаға салды. Олардың домбыра, сылдырмақ, гитара секілді аспаптарды қолданып шығуы да сахна сәнін келтірді.

otbasy

Байқауды әділқазылар алқасының төрағасы Оразғалиева Шайда Кәрімқызы қорытындылап, жақсы байқау екендігін, бірақ сахнада шыңдалған саңлақтар мен қарапайым өнер адамдарын салыстыруға келмейтіндігін жеткізді.

bi

Сондай-ақ жүлдегерлерге марапат ұсынылып, қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Нәтижесінде бас жүлдені Индербор кентінен қатынасқан Айжан Ищанова мен қызы Нұраш Нұрай қатысқан Нұрашовтар отбасы иеленсе, I орынды ауданымыздың белсенді жастары Думан Сейфуллин мен жары Мөлдір Оңдағанова жұптасқан Сейфуллиндер ұтып алды. Ал жүлделі II орын Нағим Сатимов пен қызы Айша Нартаева өнер көрсеткен Сатимовтар отбасына бұйырып, III орынды Аққала ауылынан келген Кенжеғалиевтар мен елтайлық Рита Жанесеева мен қызы Айкөркем Жасұланқызы қатысқан Сәулиевтар отбасы теңдей бөлісті. Жарсуаттық Молдағалиевтар жанұясы Алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, өнерді дәріптеген өлкеде өнерлі отбасылардың байқауға көптеп қатынаспауы, ұйымдастыру мен қатысушылардың дайындықтары кемдеу болғандығы да байқалып тұрды.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT