АУДАН ЖАСТАРЫ КІШКЕНТАЙ АҚҰШТАППЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін аудандық кітапхана жəне Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Жайықтың «Ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 75 жасқа толу мерейтойына орай «Аңсайды шындық ақ айдын» атты поэзия кеші аудан жастары арасында өтті.

Шара барысында Баубек Бақышев, Асылай Зекенова, Жанна Елеу ақынның шығармаларын мəнерлеп оқыса, жас ақын Ақтілек Əлібекұлы өзінің төл тумасын көрерменге ұсынды. Кеш барысында жастар əр түрлі сұрақтар мен ойындарға қатысып, жас ақындар табан астында өлең шығарып, ақын апаларының ізін жалғауға тырысты.

a

Сондай-ақ кеш барысында «Білгенге маржан», «Мақалдың жалғасын тап», «Артық білім кітапта», «Менің сүйікті кітабым» атты бөлімдер бойынша ойындар ойналды, караокемен əн айтылды. Ең қызығы аудан тұрғындары жас шаңырақ Алтынбек Бақтыгереев пен Ардақ Шаймарданованың қыздары, ақын апасы өзі атын қойып, батасын беріп, аузына түкірген кішкентай Ақұштап Бақтыгерееваның шараға келуі оқырмандар үшін тосын сый болды. Өз сөзінде кішкентай Ақұштаптың анасы бұл есімде қоюдағы мақсатын айтып, жастарды кітап оқуға шақырды.

a

«Сен Жайыққа айт, ақын қыз келеді де,

Өлең жазып ақ көйлек желегіне.

Сағынышы басылмай жүр дегейсің

Құлаш ұрып қайтпаса тереңіне»,-деп жырлаған Ақұштап апамызға арналған поэзия кешіне келгендер үлкен əсермен тарады.

«Дендер»-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521