Аудан оқушылары қашықтықтан кедергісіз білім алуда

Бүгінде аудан мектептерінің 1-11 сынып аралығындағы 4271 оқушысы қашықтан кедергісіз білім алып отыр, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Индер аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орынша Матайқызы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында баяндады.

Биылғы оқу жылында аудандағы жалпы білім беретін 15 орта мектептің 1-11 сыныптар аралығындағы 349 сыныпта 6171 оқушы білім алып бастады. Оның ішінде ата-аналарының өтініші негізінде 1-4 сыныптар аралығында 149 кезекші сыныпта - 1900 оқушы білім алса, 57 онлайн сыныпта - 796 оқушы оқиды.

Аудан бойынша пандемия кезеңіндегі білім беру ұйымдарының қызметі өз деңгейінде қарқынды жүріп жатыр. Қашықтан оқытуға дайындық барысында 295 отбасынан 615 оқушыға компьютер қажеттілігі, 206 отбасынан 388 оқушының интернет желісін пайдалануға мүмкіндігі жоқтығы анықталды. Мектеп оқушыларының кедергісіз білім алуы үшін әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының балаларына Жалпыға міндетті білім қорынан қаржы бөлініп, интернет желісін қосуға, толассыз ғаламтормен қамтамасыз етуге модем, роутер құрылғылары мен оқу құралдарын, киім-кешек сатып алуға және интернет желісіне төленетін ай сайынғы төлемақыларын есептей отыра, ата-аналарының жеке есепшотына аударылды.

- Қашықтықтан оқыту кезіндегі ауданның 3 мектебінде оқушыларды тасымалдау ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту үшін құрал-жабдықтармен (залалсыздандыру және жеке қорғаныш құралдары, қызу өлшегіш, кілемше, су бүркігіш тоннелі т.б. ) қамтамасыз етілді, - деді Орынша Матайқызы.

Күні бүгінде қауіпті індетпен ауырып немесе жұқтырғандар тіркелген жоқ. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатынасып,қалыптасқан дәстүрлі тәсілге қайта көшер күннің тез оралуын мұғалім де, оқушы да, ата-ана да асыға күтуде.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521