Аудан көлемінде «Мал ұрысы» іс-шарасын өткізу жоспарлануда

Индер ауданы көлемінде ағымдағы жылдың 23-25 ақпан аралығында мал ұрлығын ескерту, алдын алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарлануда.

Бүгінгі күні мал ұрлығының белең алып өршуіне байланысты, мал асыраушы тұрғындардың жайылымдағы төрт-түлік малының бағымын күшейту қажеттілігі артып отыр.

Іс-шара кезінде аумақтық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандарымен бірлесіп тасымалданатын мал мен ет өнімдеріне құжаттаманың болуы тұрғысынан мал тасымалдауға арналған автомашиналарды тексеру жұмыстары жүргізілетінін, тексеру кезінде құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда ҚР ӘҚтК-нің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту шарасы қолданылатындығы ескертіледі.

Р. Рахимов

Индер ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT