Аудан әкімі ардагер журналисті құттықтады

Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи Қазақстанның Құрметті Журналисі, Қазақстан Журналистер Одағының Б.Қаратаев сыйлығының иегері, Индер ауданының Құрметті азаматы Сансызбай Базарбаевты мерейлі 75 жасымен құттықтады.

«Сіз саналы ғұмырыңызды 85 жылдан астам тарихы бар, өлке баспасөзінің қарашаңырағы – «Dender» газетінің көкжиегін кеңейтуге арнап, жарты ғасырға жуық еңбек өтіліңізде өлкенің өркендеуіне өлшеусіз үлес қостыңыз. Қатардағы корректорлық қызметтен бастап, бас редакторға дейінгі барлық қызмет сатысынан абыройлы өттіңіз. Тек журналистика саласында емес, руханиятқа бойлай еніп, өлең өлкесіне де қадам басып, әр түрлі тақырыпта оқырмандарыңызға сәулеңізді түсірдіңіз. Ойсыз журналист болмайтынындай санаңыздан шыққан сол жазбаларыңыздың дені арнайы жинақ болып шығып, бүгінде кітапханалардың сөресінде тұр. Шеберліктің шыңына шыққан соң соңыңыздан ерген жастарға тәлімгер де бола білдіңіз», - деп аудан әкімі М.Қалауи құттықтау хаты мен сыйлығын табыс етті.

Сондай-ақ ардагер журналистпен кездесу барысында Атырау облыстық мәслихат депутаты Сағидолла Құлғалиев пен Индер аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров та ақ тілектерін арнады.

Ал мерейгер иесі С.Базарбаев құрметпен келген аудан басшысы мен халық қалаулыларына ризашылығын білдірді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521