Атыраулық полицейлер балалардың жолдағы қауіпсіздігін қадағалауды ескертеді

 

Атырау облысы аумағында облыс көлемінде жасөспірімдердің жазғы демалысы қарсаңында балалардың жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануының алдын алу, көшелермен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрысына байланысты дағдыларын нығайту мақсатында атқарылып жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан жыл басынан бері балалардың қатысуымен 20-дан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 жасөспірім қаза болып, 30-дан астам жасөспірім әр-түрлі дене жарақатын алып отыр. Мәселен, соңғы уақыттарда, яғни, балалардың жазғы демалыс уақыты басталғалы жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғалары жиілеуде.

Атап айтқанда, 30 мамыр күні Атырау қаласы Жұлдыз ықшам ауданында тіркеме тіркеген Камаз жүк автокөлігі велосипед басқарып келе жатқан жасөспірімді қағып, салдарынан жасөспірім алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды.

Сонымен қатар, 5 маусым күні Исатай ауданына қарасты Жанбай елдімекені аумағында 1993 ж.т. жүргізуші қатарынан 3 бірдей жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетіп, бой тасалаған. Исатай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел іс-әрекетімен автокөлік дереу табылып, жүргізушісі анықталып, автокөлік тұраққа қойылды.

Сондай-ақ, 5 маусым күні Атырау қаласы аумағында электронды самокат құралын басқарып келе жатқан 2 жасөспірім жаяу жүргіншіні Toyota автокөлігі қағып, салдарынан 1 жасөспірім әр-түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Құрметті ата-аналар қазіргі уақытта балалардың демалыс кезіндегі жолда жүру қауіпсіздігі сіздерге толықтай жүктелгендіктен балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңыз және көлік жүргізушілері сіздер де көлік басқару кезінде жол жүру ережесін қатаң сақтауларыңыз сұралады.

Дені сау ұрпақ біздің болашағымыз екендігін ұмытпағандарыңыз абзал.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521