Атырауда мектеп басшылығы оқушылар арасында болған төбелеске түсінік берді

«Әлеуметтік желіде Атырау қалалық білім бөліміне қарасты №27 И.Тайманов атындағы орта мектеп оқушылары арасында болған төбелес туралы ақпарат тарады» деп хабарлайды облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Мектеп директоры Ару Қосымбаеваның айтуынша, сабақтан кейін үйлеріне қайтар жолда 10 сынып оқушылары өзара сөзге келіп төбелескен.

“Жағдайды естіген бойда оқушыларды ата- аналарымен мектепке шақырып, сөйлесілді. Ата- аналар да, балалар да өзара келісімге келіп, татуласып тарады. Оқушылар сабаққа қатысып жүр. Кейіннен ата-аналары өзара қайтадан сөзге келіп, екеуі де мектепке ескертпестен сотқа шағымданған. Екі ата-ананың бірінің үстінен бірі шағымданғаны туралы хабарды соттан білдік. Ата-аналарды мектепке қайта шақырып түсінік жұмыстары жүргізілді. Мектеп әкімшілігінің ықпалымен ата-аналар өзара ымыраға келіп, татуласты. Сот шешімімен ата-аналар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төледі. Қазіргі кезде оқушылардың бір- бірімен өзара қарым-қатынасы қалыпты жағдайда. Мектепке келіп сабақтарын оқып жүр”, дейді мектеп директоры Ару Сүндетқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT