Атырауда 200 отбасыға азық-түлік таратылды

«Ынтымақ Атырау» қоғамдық қоры көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен 200 отбасыға азық-түлік таратты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қайырымдылыққа облыстағы ең ірі мұнай компаниясы - «Теңізшевройл» ЖШС қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні Атырау қаласындағы 200 көпбалалы және мұқтаж отбасыларға азық - түлік таратылды. Келер аптада Құлсары қаласындағы 200 отбасының әрқайсысына 15 мың теңгелік азық-түлік серификат беріледі. Материалдық көмек алғандардың бірі, көпбалалы Гүлмира Балканова қоғамдық қорға ерекше алғысын білдірді. Айтуынша, балаларына жыл сайын киім-кешек және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп келеді.

- Жыл басынан бері облыстағы 4 мыңға жуық адамға материалдық көмек көрсетілді. Енді желтоқсан айындағы мереке күндеріне орай қайырымдылық шараларын жасауды жоспарлап отырмыз, - деді «Ынтымақ Атырау» қоғамдық қорының жетекшісі Майя Шаменова.

Айта кетейік, «Ынтымақ Атырау» қоғамдық қоры 2012 жылдан бері жұмыс атқаруда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT