Атырауда 19-ыншы адам вирус жұқтырды

35 жастағы ер адам Атырау қаласының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғанындай, бұл жігіт Қызылқоғадан Атырауға келіп вирус жұқтырған әйел адаммен қарым-қатынас жасағандардың тізімінде бар.

“Осылайша, бұл 28 жасар қызылқоғалық әйел адамнан облыстық ауруханада вирус жұқтырып алған үшінші адам болып отыр. Қазіргі уақытта Covid-19 вирусын жұқтырған ер адам инфекциондық карантинге жатқызылды. Тиісті ем-шараларды қабылдап жатыр” делінген Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте.

Еске сала кетелік, 30 наурызда Атырау қаласына карантин жарияланды. Бүгіннен бастап Атырау қаласына кіруге, қаладан шығуға толықтай шектеу енгізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, карантин 15 сәуірге дейін жалғасады. Атырау облысы Бас санитарының бұйрығымен Атыраудағы мекемелер жұмыс аптасын қысқартуға, мүмкіндігінше онлайн форматта жұмыс істеу режиміне көшті.

Дәрігерлер атыраулықтарды үйде болып, отбасын аман сақтап қалуға шақыруда. Бұл негізсіз үндеу емес. Италияда пандемия таралғаннан бері 13 915 адам көз жұмды. Бұл аталмыш елде тәулігіне 760 адам өмірмен қоштасып жатыр деген сөз. Біз біргеміз! Үйде бол! Еліңді сақта!

Atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз