Бұл туралы Атырау облыстық онкологиялық диспансердің директоры Эльмира Сапарова мәлім етті. Қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды 2024 жылдың 1 қыркүйегінде бастау жоспарланды. Қазіргі уақытта екпе науқанын бастауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Эльмира Сапарованың айтуынша, HPV вакцинасы 11 жастан асқан қыздарға салынады. Дәрігерлер екпе алудың маңыздылығы туралы түсінік жұмыстарын жүргізуде. ⁃ Бізде мұндай тәжірибе 10 жыл бұрын болды. Облыс HPV вакцинациясын алуға пилоттық жобаға қатысты, 2600 қыз бала екпе алды. Алайда бұл вакцинадан ешқандай жанама әсер анықталған жоқ. 10 жылдан кейін бұл қыздар қайтадан тексерілді, олардың арасында HPV бар-жоғы 0,01% анықталды. Екпе алған қыздардың көбі ана атанып үлгерді, бұл HPV вакцинасының бедеулікке әкелмейтінін тағы бір рет дәлелдеп отыр,-деп түйіндеді сөзін Эльмира Сапарова. Бүгінде Атырау облысында онкологтар, эпидемиологтар, учаскелік дәрігерлер мен арнайы оқудан өтетін мектеп медбикелері бар жұмыс тобы құрылды. Түсіндірме жұмыстар арқылы топтың мүшелері жасөспірім қыздардың ата-аналарымен адам папиллома вирусына қарсы вакцина алудың маңыздылығы туралы жұмыс жүргізеді. Бұл вакцина әлемнің 127 елінде енгізілген. Оны алу әр адамның еркінде.
Атырауда 11 жастан асқан қыздарға папиломаға қарсы екпе салынады
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 377