Атырау облысының прокуроры кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді

Ел Президенті халыққа жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру талабын қойды.

Облыс прокуроры Х.З. Дәуешов кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау өткізді. Жалпы қабылдауға 5 кәсіпкер келді. Өтініштер қоғамдық көліктің барлық түрлеріне жеңілдіктер, автобустардың бағытын түзету, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері, мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз хабарлама шығаруы және экологиялық зертхананы аккредиттеу мәселелеріне қатысты болды.

Барлық кәсіпкерлерді олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және олардың заңды талаптарын шешуге жәрдемдесу мәселелері қызықтырды. Барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, жекелеген өтініштер облыс прокурорының бақылауына алынды.

Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес ай сайын облыс прокуроры Кәсіпкерлер палатасында жеке қабылдау жүргізеді.  

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз