Атырау облысында жыл басынан бергі бір айда 16 автокөлік өртенген

сурет ашық дереккөзден алынды

Атырау облысында жыл басынан бергі бір айда 16 автокөлік өртенген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Дәурен Берденовтің мәліметінше, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, 34 пайызға көп.

«Былтырғы қаңтар айында 6 көлік өрті тіркелген еді. Ал, биылғы жыл басынан бергі бір айда 16 көлік өртеніп кетті. Мәселен, Атырау қаласында 4, Жылыой мен Құрманғазы ауданында 2, Махамбет, Мақат, Индер аудандарының әрқайсысында бір көлікті жалын шарпыды. Өртке оранған техникалардың 87 пайызы – жеңіл, 12 пайызы – жүк көлігі. Оның ішінде көліктердің 43 пайызы елімізде тіркеуде тұрған болса, 56 пайызы өзге мемлекеттерде тіркелгені анықталды. Автокөлік өртінің басым көпшілігі электр желісінің қысқа тұйықталуынан болып отыр», -деп хабарлады Дәурен Берденов.

Оның айтуынша, көліктің өртенуіне электр қондырғыларды монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп болған. Әсіресе, зауыттан 2001-2010 жылдары аралығында шығарылған шетелдік және ресейлік «ВАЗ» маркалы автокөліктер көбірек өртенген.

«Жүргізушілер автокөлікті дер кезінде техникалық бақылаудан өткізіп тұруды естен шығармағаны жөн. Бұл – өрт қауіпсіздігінің алдын алудың басты шарасы», -деп мәлім етті Дәурен Берденов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында екі күнде 3 көлік өртеніп кеткенін хабарлаған болатынбыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз