Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған шара өтті

31 мамырда Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 100 күн қалуына орай салтанатты шара өтеді. Іс-шараға ұлттық спорт түрлерінің өкілдері, жаттықтырушылар, еріктілер мен қала тұрғындары қатысады. Іс-шараның мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттау және қала тұрғындарын алдағы көшпенділер ойындарымен таныстыру. Меймандар үшін ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары өтеді: Тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан шеберлік сабағы; Қазақ күресінен ашық жаттығу; Арқан тарту, асық ату, ләңгі ойындары; Көшпелілер тақырыбы бойынша сұрақ-жауап ойыны. Іс-шара ұйымдастырушылары: ҚР Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы. Басталуы: 17:00 Мекен-жайы: Бәйтерек монументінің жанындағы алаң (Достық көшесі жағынан) 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі. Назым Рысбетова 8 701 208 18 11

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT