Ардагерге мың алғыс

Қазақстанның Қазынашылық жүйесінің қалыптасуына 30 жыл толуына орай республика көлемінде көптеген шаралар өткізілді. Соның бірі, Индер аудандық қазынашылық басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудандық қазынашылық саласының алғашқы ардагері Тлегенова Дамеш Тлепбергенқызымен кездесу.

Дамеш апай, қазынашылық саласындағы еңбек жолының қалай бастау алғаны туралы әңгемесін бастамас бұрын өзімен қызметтес болған әріптестерін айтулы дата, Қазақстанның Қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, кездесуге шақырғанға көптен-көп рақметін, жылы лебізін білдірді.

Дәмеш Тлепбергенқызы өз әңгімесінде, -1995 жылы қаржы бөлімінде бас маман болып еңбек етіп жүргенде, сол кездегі басшымыз Наталья Ивановна шақырып, - болашақта қысқарту болатынын ескертіп, ауданда қазынашылық бөлімі ашылатынын, соған өкіл болып баруға қалай қарайсыз, - деген, ұсынысын білдірді. Мен келісімімді беріп, 1995 жылы 15 сәуірде бюджеттік банк ғимараты ішінен бір бөлме беріп, Индер ауданында алғаш «қазынашы» болып, өкіл ретінде жұмыс істедім, сол жерде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын 5 мемлекеттік мекемеге (Аудандық қаржы бөлімі, салық бөлімі, ветстанция, РОВД және бір мекеме, ұмытып отырмын) қызмет көрсеттім. Бюджетке қаржыландырудың түсуін және аталған мекемелердің шығыс операцияларына бақылау жасадым. Кішкентай ғана бір бөлмеде, жападан-жалғыз ауданның есеп-қисабын жүргізіп отырдым. Алғашында қағаз, ручка, сияқты қажетті заттар да, қандай да бір құжат, ережелерде болған жоқ. Кейін 1996 жылы 1 қаңтарда Бюджеттік банк таратылып, оның барлық міндеттері, штаты аудандық қазынашылық бөліміне берілді, жұмыс көлемі ұлғайып, республикалық бюджеттің мекемелерімен қоса облыстық бюджеттен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетілді.

  • Қазынашылық жүйесінің дамуы оңай болған жоқ, қиыншылықтар көп

болды, - деп, жалғастырды әңгімесін Дәмеш апамыз.

Ең алғаш құрылған кездегі қиынды, сынды кезеңдерін айта отырып, қажырлы, тынымды еңбектің нәтижесінде еліміздің бюджет саясатын іске асыруға, қаражаттың мақсатты жұмсалуына, және де мемлекеттің алға қойған міндеттерінің орындалуына өз үлесін қосқаны үшін шын жүректен қуанышты екенін жеткізді.

- Бастапқыда бірыңғай «Қазынашылық шот», одан «Oracle», «Қазынашылықты модернизациялау», «ҚБАЖ» жүйесі, бері келе «Қазынашылық-Клиент» бағдарламаларымен сатылап жаңаланып, барлығыда өзіміз сияқты адамдардың тер төккен еңбектің арқасында жүзеге асты.  Осы бағдарламалармен жұмыс істеп үйренуге облыстық қазынашылыққа тәжірибе алуға да бардық. Осындай тәжірибелердің көп көмегі тиді. Сол кезде аудандық қазынашылық бөлімінің басшысы болған Аязғалиева Мустахима Кадырбековна (өмірден өтті), Кутхуджина Насипти (кассир) Габбасова Рахима (бас есепші), Салыкова Гульзада, Атабаева Заря және қазынашы болып қызмет атқарып 2005 жылдан бөлім бастығы, 2021 жылға дейін басқарма басшысы лауазымын атқарып келген Куспанова Жаннат Райхановна сияқты өз қызметіне құрметпен қарайтын жандармен ұзақ жылдар қызметтес болдым.

Кейіннен артымыздан ерген жас буын, 2005 жылдан мемлекеттік қызметші болып «АНТ» қабылдаған,  бүгінгі күні адал еңбектерімен еленіп отырған Абдрахманова Алёна, Дабысова Орынгуль, Ермагамбетова Салтанат, Жумагалиева Ляззат, Амирова Жаннет секілді бас мамандармен толысып, және еңбек жолын 2001 жылдан осы қазынашылық саласының жетекші маманы қызметінен бастаған, қазір басқарма басшысы лауазымында Чуйншкалиева Гулдарига Булатовна бастаған «ҚАЗЫНАШЫЛАР» ұжымы қызметтерін адал, абыроймен, үлкен жауапкершілікпен атқарып, сенімімізді ақтап келеді.

         Осы салада 25 жыл еңбек өтіліміммен 2020 жылы зейнеткерлік жасқа жетіп, әріптестерім үлкен құрметпен зейнеткерлік демалысыма шығарып салды. Біреу жетеді, біреу жетпейді дегендей, жылдар бойы еңбек етіп келіп нәтижесінде өз орнымен зейнеткерлікке шыққанның өзі бір мақтаныш екен. Әріптестеріме ризашылығым шексіз. Міне, биылғы Қазақстанның Қазынашылық жүйесінің қалыптасуына 30 жыл толуымен құттықтап, Қазынашылық комитетінің төрағасы Р.К.Тоқбаевтің, Қазынашылық ардагерлер Кеңесінің төрағасы В.А.Саткалиеваның «Алғыс хатын» табыс етті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылығына 30 жыл толуына орай шығарылған кітапта есімдеріміздің аталғанының өзі мақтаныш емеспе, - деп Дәмеш апа қуанышын жасыра алмады.   

 Барша әріптестерді шын жүректен айтулы күнмен құттықтап, денсаулық, толағай табыс, отбасы берекесімен қазынамыз қаржыға толсын деген тілек білдірді!

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521