banner_damu

"Ардагер - 2019" спартакиадасының жеңімпаздары анықталды

 Индер ауданына қарасты Жарсуат ауылдық округінде дәстүрге айналған ардагерлер спартакиадасы өтті.

Президент Жолдауында: «Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Бұл спортты дамыту жөніндегі кешенді жоспар қабылдау қажет» деген міндеттер қойды. Бұл міндеттерді орындауда ауылдың ардагер ұйымдарының белсенділігі өте жоғары. Таяуда Жарсуат ауылында ауыл әкімінің қолдауы мен мектеп ардагерлер ұйымының бастамасымен (ұйымның төрағасы «ҚР білім беру ісінің үздігі», республикалық Махамбет сыйлығының иегері, ауданның Құрметті азаматы Б.Аталық) ауыл бойынша ардагерлер айлығының жоспарына сәйкес үшінші рет дәстүрлі «Ардагер-2019» спартакиадасы ұйымдастырылды.

Махамбет атындағы орта мектептің спортзалында өткен жарысқа С.Сисенов, С.Даутбаев, С.Демесинов, Е.Сабиров, т.б. бар ардагерлер командасы келіп қатысты. Жарыс Әнұранмен ашылып, ауыл әкімі Ә.Балахметов кіріспе сөзбен ашып, мектеп ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Аталық тілегін қосты. Ардагерлер спартакиадасының салтанатты ашылуында Махамбет ауданы Ақжайық ауылының әкімі С.Жұмағалиев, орденді ардагер, ауданның Құрметті азаматы М.Берғалиев, жарыстың бас төрешісі және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Б.Байтілеу сөйледі.

zharsuat1

Спартакиаданың бағдарламасына сәйкес, әсіресе стол теннисінен ардагер ерлер мен қыздар арасындағы жарыс өте қызықты, шиеленіске толы болды. Спартакиадасының қорытындысы бойынша жүлделі І-ІІ орындарды столдағы теннистен ауыл ардагерлері Б.Аталық, Ө.Лұқпанов және Ақжайық ауылының әкімі С.Жұмағалиев, қыздардан Р.Рысбаева, Б.Әбдешева, Р.Жұмағұлова, шахмат-дойбыдан Б.Әшімов, А.Рысбай, М.Жанесеев, тоғызқұмалақтан Қ.Құлшықова, Г.Құспанова, М.Бимағамбетова, т.б. алып, арнайы дипломдармен марапатталды.

Жарысқа қатысушы қонақтарға М.Өтемісұлы атындағы әдеби-мемориалдық музейіне саяхат жасауға жағдай жасалды. Соңында жастарының ұлғаюы мен денсаулығының қиындығына қарамай бұл жарысқа қатысқандарына рахмет айтылып, белсенділіктеріне ризашылық білдірілді.

«Дендер»-Ақпарат»

Жарсуат ауылы.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика