Алты мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды

Атырау облысында барлық мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында жыл басынан бері 387 кәсіпкерлік жоба қаржылық қолдау тапты, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаларды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 3,761 млрд. теңге қаржы бөлінген. Осының нәтижесінде аймағымызда 618 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айқын Елеусізов айтты.

- 2015 жылы кәсіпкерлікті қолдауға жергілікті бюджеттен 200 млн теңге көлемінде қаражат бөлінсе, биылдың өзінде 3 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Осыған орай, жыл сайын облысымызда мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларға қатысушылардың, соның ішінде ауылдық кәсіпкерлердің саны артуда, нәтижесінде бюджетке түсетін салық көлемі артып, жұмыс орындары ашылып, жаңа нысандар іске қосылуда, - дейді Айқын Елеусізов.

Сондай-ақ, биыл кепілдендіру түріндегі мемлекеттік қолдауға 86 жоба ие болып, 16 кәсіпкер грант ұтып алды. Сонымен бірге, 14 жас кәсіпкерге 27 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінді.

Айта кетейік, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері өңірде 107,3 млрд теңге көлемінде 1 519 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде 6 446 жаңа жұмыс орны құрылды.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика