Алматы қаласы Ақбұлақ ықшамауданында 5 адамды атып тастаған қылмыстық оқиға туралы жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жеке меншік үйге сот орындаушы полицейлермен бірге келген. Олар бір жарым сағат бойы үйдің ауласына кіре алмаған. Содан кейін үйдің ішкі жағынан оларға оқ атылған.
Кей деректерге сүйенсек, оққа ұшқан жеке сот орындаушысы мен полиция қызметкерлерімен бірге болған 2 адамның бірі сол үйді аукцион арқылы сатып алған жаңа қожайын болуы мүмкін. Менің немерелерім кеп ары қарай өткізбей тұрғанын айтты. Барсам, полицейлер көшені жауып тастапты.
Бізге өтуге болмайды деді. Сосын арнайы жасақ келді де, күдіктіні қарусыздандырып, алып кетті. Жедел жәрдем де өз жұмысын жалғастырып жатты, —дейді Рахметолла Аймұратов деген көрші.
Оқиға орнында Алматы қалалық ПД ресми өкілі журналистерге түсінік берді.
Оқиға орнында бес адам қайтыс болды. Екеуі полицей және бір сот орындаушы, тағы екі адамға қатысты ақпарат нақтыланып жатыр. Қайтыс болғандар арасында үйдің жаңа иесі де бар,