АҚ ЖОЛДАН АДАСПА!

Ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытында «Отбасы. Дәстүр. Мәдениет» тақырыбында оқушылар, студенттер және жастардың арасында кездесу өткізілді.

Кездесуге ауданға арнайы іссапармен келген республикалық діни ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Маңғыстау облыстық дін мәселелері бойынша «Ақпараттық талдау» орталығының қызметкері Сайдмухаммад Абдулхамидов пен аудандық діни ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Алдымен ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мөлдір Темірғалиева шараның маңызына тоқталды. Кездесу аясында Сайдмухаммад Абдулхамидов отбасы құндылықтарын сақтау, теріс діни ағымдардың жетегінде кетпеудің алдын алу, діни иммунитет қалыптастыру, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490, 453 баптары бойынша айтып, діни бағытта ресми ақпараттар алуға болатын сайттар жөнінде түсінік берді.

Шара соңында қатысушылар сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Айта кетейік, аталған кездесу «Көктем» қазақ орта мектебі, Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжі, аудандық жастар ресурстық орталығы мен Индер аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткізілді.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT