АГРОСЕКТОР ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

     Мемлекет басшысы Халыққа арнаған өзінің кезекті Жолдауында елміздегі агросекторды дамыту бағытында бірқатар маңызды мідеттерді атап көрсеткен болатын. 

-Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп, қомақты қаражат бөлініп жатыр. Биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған. Бірақ, агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға бұл шаралардың әзірге жеткіліксіз екені анық. Мәселе – қаражаттың көлемінде емес, ең бастысы, оны тиімді пайдалану қажет. Озық агроэкономикаға көшу үшін Үкіметтің нақты жоспары болуы керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Жалпы Индер ауданы аудан бойынша барлық мал басы  128 мыңды құрап отыр. Оның ішінде ірі қара – 26 мың, қой мен ешкі – 80 мың, жылқы – 18 мың, түйе  5 мың  бас   болып, статистикалық есепте тұр. 
Ауданда әр түліктің есепті нормативі бойынша барлық  мал басына 2025-2026 жылдың қыс мезгіліне қажетті мал азығы 60 мың тонна шөп дайындалуы  керек. 
 Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Абдировтың айтуынша, аудан көлемінен жалпы 8-10 мың тонна ірі сабақты мал азығы дайындалса, қалған 90 пайызы көршілес облыстардан тасымалданады.
Бүгінгі күнге  11 мың тонна мал азығы дайындалып, шалғайдағы қыстақтарға тасымалданған.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT