Адасқан аққу айдынға оралды

сурет автордікі

Махаббаттың символына баланатын аққу ауданда сирек кездеседі. Өткен жылдың күзінде жұбынан көз жазып қалып қалған аққу индерборлық Наталья Ермоленконың ауласына келіп қонған екен. Ешқайда қанат қағып ұша алмаған құс сол сәттен бүгінгі күнге дейін Натальяның бағымында болып келіпті. Тауықтармен бірге асыраған ол көктем шыға киелі құсты Жайық өзеніне жіберуді ұйғарды.

– Өткен жылдың қазан айында ауладан ұша алмай тұрған құсты көрдім. Айналада ит қаптап жүргесін алдым да, оны тауық қорама апарып қойдым. Енді күз болғасын, өзі ұша алмағасын қыс бойы оны бағып шықтым. Міне, көктем келді. Күн жылынды. Су келді, Жайыққа ұшыратын уақыт болды, – дейді ол өз сөзінде.

Біраз уақыт еркіндік көрмеген аққу өзгелерге айбат шеккенімен Натальяға әбден бауыр басып қалған. Десек те, еркіндіктің өкілі болып табылатын құс Жайықтың толқынымен тербеліп, өз әлеміне қарай аттанды.

К.СҰҢҚАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521