Мұқағали Мақатаевтың Қарасазында еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін ақын жырларын жатқа біледі.
Композитор Ержан Серікбаевтың Арысына барсаңыз әуені аспанында қалықтап тұрады. Ал бүгінде Табылды Досымов дүниеге келген Дендер топырағында әр екінші бала гитара шертіп, бард ақынның әндерін шырқауға әуес. Жай ғана шырқамайды, гитараны нақышына келтіріп шерткенде тамсанасың, таңдай қағасың. Алты ішекті жанына серік еткен қыз-жігіттердің де қатары күн санап артып келеді.
📌 Соның бір дәлелі, бүгін Табылды Досымовтың 60 жылдығына орай, ақын ескерткішінің алдында 60 дендерлік гитарашы бас қосып “Сәйгүлік” әнін шырқады. Рухы шат болғай!
Ұйымдастырушыларға мың алғыс!


