Индер ауданына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов келді

 Индер ауданына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов келіп, көктемгі су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылады.

Алдымен Индербор кентіндегі ұзындығы 1,3 км болатын бөгеттің жай-күйімен танысты. Бүгінде бұл бөгет 11 арнайы техника арқылы биіктетіліп, құм толы қапшықтармен бекітілуде. Қазіргі таңда кенттегі мекеме қызметкерлері мен еріктілердің күшімен 24 мың дана қап толтырылды. 

Одан соң аудан әкімі Дарын Шамұратов қауіпті аймаққа жататын Жарсуат ауылындағы 4,9 км бөгетті көрсетіп, жасалған іс-шараларды баяндады. Бұл учаскеге 17 арнайы техника жұмылдырылып бөгеттің 3,6 км-і биіктетілді. Жоспар бойынша 4 күнде жұмыстар толықтай аяқталады. Ауыл тұрғындары мен еріктілер күшімен 32 мың дана қап топырақ дайындалды. 

Қазіргі уақытта аудан бойынша су тасқынының алдын алуға 19,6 км бөгет тұрғызылып, 85 арнайы техника жұмылдырылды. 240 мыңға жуық құм толы қапшық дайындалды. 

          11 сәуір сағ 20:00-дегі жағдаймен Жайық өзеніндегі су деңгейі 4,94 метр. Суға кету қаупі бар әр учаскеге жауапты адамдар бөлініп, жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудандағы су тасқыны бойынша жағдай тұрақты және үнемі бақылауда.

📃Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521