Индерлік Әлішер - біздің мақтанышымыз

Азаматтық қорғау кіші сержанты Нұрланов Әлішер Жәнібекұлы Атырау облысы ТЖД Индер ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші лауазымында 2022 жылдан бастап қызмет атқарады. Құтқарушы болуды, адамдарға көмектесуді бала күнінен армандаған. Бала күнінде армандағанындай қазір де адамдарға көмектесіп жүргенін мақтанышпен айтады. Әлішерді отбасында сүйікті жары мен кішкентай ұлы Алдияр әкесін сағына күтуде.

Бұл ержүрек қызметкерлеріміз 13 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін Атырау қаласы Береке ауылында жаға бекіту жұмыстары үздіксіз жүргізуде. Құм толтырылған қаптар төсеп, бөгеттерді нығайту жұмыстарына өз үлектерін қосуда.

Бұған дейін бұл қызметкерлеріміз 29 наурызда Қызылқоға ауданына ауылдық округтерді су тасқынан қорғау үшін ауыл тұрғындарымен, еріктілермен бірлесіп қаптарды топырақпен толтырып, инертті материалдар төсеп, бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізіп, Қызылқоға ауданындағы су басу қаупінің алдын алды. Кейін Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, 5 сәуірде бір топ құтқарушы Құлсары қаласында тұрғындарды, үй жануарларын, төрт-түлік малдарды құтқару жұмыстарын жүргізген болатын.
Әр құтқарушының еңбегіне, күш-жігеріне және ыстық ниеттеріне ризашылық білдіреміз. Елі үшін ерен еңбек етіп жүрген азаматтар қашанда мақтан етуге тұрарлық.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521