Атырауда Аспа және Бесікті ауылында дамбы соғылуда

Атырау қаласы маңындағы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты Аспа ауылында МКДСР мекемесімен бірігіп, су тасқынынан қорғау жұмысы жүріп жатыр.
 
Отыздан аса техника жұмылдырылып, су басу қаупі бар аймақтар анықталуда.
 
–Жайық өзені бойындағы жыра жерді геодизист мамандармен бірге барлау жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Осыған байланысты Аспа мекенінің төменгі жағына толықтай дамбы соғып шығамыз деген шешімге келдік. Одан бөлек жақын орналасқан екі тұрғын үйге қауіп болса, қауіпсіз жерге көшіреміз. Су өрісі келгенге дейін атқарылуы керек жұмыстар түгелдей жасалады, – дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік НЫСАНБАЕВ.
 
Жалпы, Аспа елді мекені қауіпсіз аймақта орналасқан. Бұл ауылды көшіру жөнінде осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып келді. Қазір бұл мәселе қала әкімінің назарында.
 
Қ.ШӘКІРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521