Ауданымызда соңғы жылдары бокс бөлімі қайта ашылып, жұмыс істей бастаса, енді, міне көптен күткен аудандық жарыс та басталып отыр.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев құттықтап, биыл ауданымызға Олимпиада чемпионы, даңқты боксшы Серік Сәпиев келіп, жас боксшыларға шеберлік сағатын өткізуін жақсы ырымға балай келе, өрендеріміздің де осындай елдің туын биік ұстар азамат болып өсуіне тілектестігін білдірді.
Жекпе-жекке шыққан жас сайыпқырандардың ешқайсысы да жеңісті қолдан бермеуге ұмтылып, жаттығудан тәлім алған өнерлерін көрсетуге тырысып бақты. Аудандық балалар спорт мектебінің бапкері Мейрамбек Тұрғалиевтан білгеніміздей, сайыстың нәтижесінде Айбек Сергеев, Асылбек Ерасыл, Нұрболат Жасақбаев, Есімхан Маратов, Бисенғали Мерей, Лұқпан Бекзат, Нұрмұхамед Қапышев, Әлім Бисенбаев, Рашид Дінмұхамед, Ақжол Нұржанов, Әлихан Отаров сынды боксшылар өздерінің салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды.
Толығырақ газеттің 27 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар