Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы пікірсайыс өтті

Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұйымдастыруымен студенттер арасында мазмұнды пікірсайыс өтті. Пікірсайыс барысында өзекті екі тақырып талқыланды: 

🔹 «Ойын бизнесін толық тыйым салу арқылы лудоманияны жоюға бола ма?»

🔹 Зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері

Студенттер заңнамалық тетіктер, әлеуметтік факторлар және қоғамның жауапкершілігі жөнінде өз ойларын ортаға салып, дәлелдермен пікір алмасты.

 Іс-шараға Көптілді білім беру факультетінің кафедралары да белсенді қатысты. Осындай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT