Орынбордан олжалы оралды

Индерлік палуандар Ресейдің Орынбор облысы Бугуруслан қаласында өткен бүкілресейлік турнирден олжалы оралды.

Бұл жарыс КСРО спорт шебері Ю.Гавриловты еске алуға және Бугуруслан қаласы еркін күресінің құрылғанына 40 жыл толу құрметіне арналған болатын. Индерлік команданы бастап барған аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрестен аға бапкері Салауат Қыраубаев жарыс туралы былай деді:

-Доданың 51 келі салмақ дәрежесінде белдескен Сансызбай Жалғас ақтық сында ғана Ресей чемпионатының жүлдегері жергілікті палуанға есе беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал Жарсуат ауылының өрені Қойшыбай Бекнұр (бапкері Дархан Ізмұханов) қола жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар, басқа да шәкірттеріміздің арасында жүлдеге жете алмағанымен тым-тәуір өнерлерімен көрермендердің ықыласына бөленді.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT