Грузиядан - күміс жүлде

Грузия елінің Поти қаласында бокстан Сарсания Зурабтың құрметіне арналған Халықаралық турнир аяқталды. 2010-2011 жылғы жасөспірімдер арасында бұл додада жерлесіміз Ерасыл Асылбек 44 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені жеңіп алды. -Шәкіртіміз алғашқы кездесулерін айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда жергілікті грузин спортшыны ұтты. Ал финалда да оған тағы бір жергілікті грузин спортшысы қарсы тұрды. Аз ғана ұпай санымен есе жіберіп алған шәкіртіміз күміс жүлдені қанағат тұтты, -дейді аудандық балалар спорт мектебінің бокс бөлімінің бапкерлері Мейрамбек Тұрғалиев пен Алмат Қайратұлы. Айта кетейік Ерасыл Асылбек қазіргі таңда Атырау қаласында спорт интернатында оқып, шеберлігін шыңдауда. Жергілікті бапкерлер спорт интернатының директоры мен әріптестеріне ризашылығын білдіреді. Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521