Динамошылар жарысының жеңімпазы

Атырауда дзюдодан жасөспірімдер арасында жас динамошылар жарысына Ресейдің Қалмақиясы мен көршілес Өзбекстан және Қазақ елінің Қызылорда, Шымкент, Орал, Ақтау қалаларынан командалары сынға түскен үлкен жарыс болды.

Аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашев айтуынша, 26 келіде индерліктер арасынан Қанат Заңғарбек пен Мәлік Асылхан қарсыластарының бәрін жеңіп келіп, ақтық сайыста екеуі белдесті. Негізгі уақыт теңбе –тең аяқталып, қосымша уақытта Мәлік Асылханның жұлдызы жаныпты. Ал басқа салмақ дәрежелерінде Дамир Максимов пен Әділ Дамир жарыстың қола жүлдегері атанды. Сонымен қатар Атырау қаласында өткен облыстың ашық біріншілігінде Аманжол Ерхан, Өтеген Алихан жүлделі 3 орын алса, Әмір Тасболатов жеңіске жігері үшін байрағын иеленді.

Саламат Б.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21