Абайдың 175 жылдық тойына орай спорттық сайыс өтті

 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте 4 сынып ата-аналары арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» тақырыбында спорттық топтық сайыс өтті.

Шараны ашқан мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Мукиева сайыстың мақсаты қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткізіліп отырғанын айта келе, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж.Әбдіхалықов ойын шарттарын түсіндіріп, командалар өздерін таныстырған соң «Кім жылдам?» (теннис добын ракеткамен соғып, кедергілерден өту) , «Секіртпемен секіру», «Тасымақ» (екі адам арқасына доп салып құлатпай айналып келу), «допты жерге соғып барып,тапсырманы орындау» (А.Құнанбаев туралы қойылған сұрақтарға жауап беру), «Баскетбол добын кедергіден алып өтіп, шығыршыққа салу» секілді 5 кезең бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, 4 «а» сыныбының «Достық» тобы бәрінен озық шығып 1 орынды қанжығаласа, 2 орынды 4 «ә» «Қырандар», 3 орынды 4 орыс сыныбы «Крепыши» бөлісті.Ал 4 «б» сыныбының «Жеңіс» тобы 4 орынға тұрақтады.

zhulde-tabystau

- Сайыс қызықты өтті, мұндай шараға көптен қатыспаған едік. Барлық берілген тапсырманы, мүмкіндігімізге қарай атқардық. Ұйымдаструшыларға алғысымыз шексіз - дейді жеңімпаз «Достық» тобының көшбасшысы Данагүл Амантурлина.

Міне, мерейтойдың мерейін асырған шара осылай көпшіліктің үлкен ықыласымен аяқталды. Бір әттеген-айы, Абай туралы сұрақтарға кейбірінің жауап бере алмағаны болды.

Асыл сөзді іздесек, Абайды ерінбей оқиық дегім келеді.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика