Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жер сатылмайтынын тағы да айтты.
Бұл туралы «Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталағым келеді. Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», - деп Президент Қазақстан халқына арналған жолдауында мәлімдеді.