Өңірде электр беру желісіндегі ақау неден шыққаны анықталды

Атырау облысында электр қуатын беруде ақау неден болғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«КЕГОК» АҚ-ның Атырау облысы батыс өңірлік филиалының директоры Константин Чернохаевтың айтуынша, кеше, 10 қаңтарда кешкі мезгілде электр желісінің 220 кВЛ-254-Орал-Индер, Л-201-Атырау-Индер және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның 2 генераторы уақытша істен шыққан.

«Соның салдарынан «Атырау жарық» АҚ-ның электр желісін тұтынып отырған Атырау қаласының сол жағалау бөлігі, Жылыой, Индер, Қызылқоға, Махамбет, Құрманғазы және Мақат аудандарының кей бөлігі уақытша электр желісінен ажырап қалды. Қазір аталған электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары шұғыл жүргізіліп, біртіндеп іске қосылуда», -дейді Константин Чернохаев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында электр қуаты өшіп қалғаны жазылған еді.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика