Көлігіне ксенон, LED жарық шамдарын қондырған 74 жүргізушіге айыппұл салынды

Қала аумағында жолда жүру ережесін бұзушылар арасында алдыңғы жарық беру аспаптарына ксенон, LED жарық шамдарын қондырған автокөліктер анықталуда.

Мұндай жарық шамдарын қондырған көлік жүргізушілері жолдың қарсы бағытында қозғалыста жүретін жүргізушілердің көздеріне шағылысып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Осы бағытта жыл басталғалы сыртқы жарық беру аспаптарының деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктер, яғни ксенон лэд қондырған 74 жүргізуші анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 5 бөлімімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

Мысалы, 2021 жылдың 17 қаңтар күні сағат 20:10 шамасында Азаттык көшесі 20 үйдің тұсында "Ваз 2110" маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде жүргізушісі 32 жастағы азаматтың көлік құралын ксенон жарығымен басқарғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590 бабы 5 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, өткен 2020 жылы көліктеріне лед, ксенон шарық шамдарын қондырған 400-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің бұл бағыттағы жұмыстары жалғасуда.

Атырау қалалық полиция басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521