"Фариза жұлдыздары" клубы ауданда әдеби-жыр кешін өткізді

Аудандық жаңа мәдениет үйінде көрнекті ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Фариза жұлдыздары» жас ақындар клубының «Асқақтық пен нәзіктік» тақырыбындағы әдеби-жыр кеші өтті.

Аудан әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл кешті клуб жетекшісі, ақын Әлия Даулетбаева жүргізіп отырды. Осыдан үш жыл бұрын кезіндегі облыс әкімі Н.Ноғаевтың қолдауымен құрылған клубтың жас ақындары тыңдарманын өлең өлкесіне жетеледі. Алдымен Дендерден шыққан жас өрен, нәзік лирик ретінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан дарынды ақындардың бірі Асылай Ниязбаева «Әмір», «Жұмақ» өлеңдерін, клубтың ең жас мүшесі Алмас Борис өз туындысын оқыды.

dsc_1610

Бұдан соң болашақ дәрігер Нұрай Талап, жазба поэзияда оқырмандарын сүйсіндіріп жүрген дарынды жас Фариза Жетпісбаева, айтыскер ақын Асылбек Ещанов, Ф.Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлықтың иегері Ұлмекен Шаукенова, «Шолпан» атты жыр жинағымен жұртшылықты қуандырып үлгерген ақын жігіт Рахымжан Асқар өздерінің махаббат, туған жер тақырыптарына арналған жырларын жеткізе отырып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Фариза ақынның сөзіне жазылғанТабылды Досымовтың «Махаббатты сезіну» әнін Айдар Досымов гитарада, ауданның Құрметті азаматы Самиғолла Ғалымның «Өзіңмен кездескенде» әнін Еркін Әубәкіров домбырада шырқады. Одан әрі жыр кешінде ақынын сағынған әлеумет бір сәт оның өз үніне құлақ түрді.

dsc_1574

Ал өз кезегінде Әлия Бекежанқызы көңіл қойып тыңдаған жыр кешінің көрермендеріне туған елдің мәртебесі артып, Дендерден талантты ақын қыз-жігіттер өсе берсін деген тілегін білдірді.

Кешті аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов қорытындылап, аудан әкімі атынан ризашылығын білдіріп, осындай ізбасарлары барда ақын апамыздың рухты жырлары өлмейтінін, қазақтың жыры жасай беретінін айтып, сәттілік тіледі.

Диас АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика