Covid-19: Ауданда ахуал күрделі

Өткен жылдан бастап әлемді дүр сілкіндірген пандемияның әсері күн өткен сайын күшейіп бара жатқаны дендерлік жұрттың арқасына аяздай батып отыр. Соның әсерінен аудан қызыл аймаққа кіріп, эпидемиологиялық ахуал күрделеніп кетті.

Оған ең алдымен кей азаматтарымыздың талаптарды тиісті дәрежесінде сақтамауы себеп болып отырған көрінеді. Оны сала мамандары да деректі дәйектерін келтіріп растады.

-Аудан бойынша күні бүгінге эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты емес. Биылғы 3 сәуірден бастап қызыл аймаққа ендік. Соңғы 14 күнде коронавирус инфекциямен анықталған аурулар саны 41-ге жетті. Олардың ішінде 9 бала бар. Былтыр жалпы саны 477 ауру тіркелген болса, биыл 87 ауру тіркеліп тұр. Күні бүгінге ауруханада 8 науқас жатыр. Көрсеткіш үдей түпесін десек, сақтану керекпіз,- дейді аудандық санитатриялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлжан Уразалиева.

Өкінішке орай, бір әулеттен 4-5-науқастан тіркелу фактілері орын алып отырған көрінеді. Олар әсіресе Есбол, Бөдене ауылдық округтерінде тіркелген. Сонымен қатар, карантин талаптарын сақтамай көпшіліктің басын қосып отбасылық шара ұйымдастырған 3 тұлғаға мониторинг топтың бастамасымен арнайы хаттама толтырып, тиісті шара қолдану үстінде.

Осы індеттің алдын алу үшін екпе егу жұмыстарын жандандыруды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Үкіметі мен салалық министрлікке айрықша жүктегені белгілі.

Бұл бағытта да ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ауданда «Спутник-В» вакцинасын салу жұмыстары да жүргізілуде. Дәрігерлер бастап, өзге сала мамандары қостап салдырған екпеге қажетті вакцина ауданға уақытында жеткізіліп жатқаны да белгілі болды.

-Ауданымызда коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмысы ақпан айында басталды. Ең бірінші кезекте медицина қызметкерлері, одан кейін педагогтар, ішкі істер қызметкерлері егілді. Күні бүгінге барлығы 395 вакцина келсе, оның 135-і түрлі сала қызметкерлеріне егілді,- дейді аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Күләш Қаражанова.

Екпе алғандардың қатарында тұрғындар да белсенділік байқата бастапты. Солардың қатарында Ерлан Жұмағалиев те бар.

-Жанды ауыртар сырқаттың алдын алудың бірі екпе алу екенін айтудан дәрігерлер кенде емес. жасап жүргенін айтуда. Сондықтан мен де осы жұмыстан шет қалмауды ұйғардым. Бұл мен үшін ең алдымен өз денсаулығымды сақтау үшін, қала берді әулетімнің амандығы үшін керек,- дейді ол.

Өткен жылы індет кең етек жайғанда науқастарға оттегі балоны жетпей, біраз қиындық болса, биылғы жылы ол олқылықтың орны толғандай. Ол үшін арнайы оттегі тарату станциясы іске қосылып, науқастарға дер кезінде көмектер көрсетілмекші.

Күні бүгінге ондағы 10 кереуетте сырқаттар ем қабылдап жатса, қосымша 16 кереует дайын тұр. Сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмек қоры жасақталып, тапшылық болмайды дейді мамандар.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521