Атыраулық тағы 430 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралуы Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 430 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 220 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 49 науқас анықталды. Инфекция облыстың аудандарында да таралуда.

Жылыой ауданында 92 науқас,

Индер ауданында – 5,

Исатайда- 10,

Қызылқоға ауданында – 14,

Құрманғазы ауданында – 18,

Мақат ауданында – 10,

Махамбет ауданында – 12адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 295 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

135 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 267 адам емделді.

Қазір 3896адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 202,

екінші облыстық ауруханада – 198 пациент,

фтизиопульманологиялық орталықта – 80,

кардиоорталықта – 109,

т/ж ауруханасында – 89 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда – 377. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 267 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521